Жер қойнауын пайдаланатын 80 компанияның жетеуі ғана газ айдаумен айналысады

Яғни жер қойнауын пайдаланушылардың көпшілігі кен орындарын ұзақ әрі тиімді пайдалануға мүдделі емес
Sputnik
АЛМАТЫ, 28 шілде – Sputnik. Бүгінгі таңда 80 жер қойнауын пайдаланушының 7-уі ғана газ өндірумен айналысады. Бұл туралы Қазақстан премьер-министрі Әлихан Смайылов сенаторлар сауалына берген жауабында айтты.
"Бүгінгі таңда 80 жер қойнауын пайдаланушының ішінде 7 компания жылына шамамен 18 миллиард текше метр көлемінде газды қабатқа кері айдайды", – деп нақтылады Әлихан Смайылов.
Оның айтуынша, барлық айдалатын газдың 82%-і "Қарашығанақ Петролеум Оперейтинг Б.В." (11,1 миллиард текше метр газ) және "Теңізшевройл" (3,6 миллиард текше метр) екі ірі мұнай-газ өндіруші компанияға тиесілі.
Зерттеу нәтижесіне сәйкес, кен орындарында газды кері айдау өзінің тиімділігін дәлелдеп отыр, деп аталып өткен министрлер кабинеті басшысының жауабында. Қабатқа газ айдауды азайтса мұнай өндіру қарқыны бәсеңдейді, сәйкесінше мұнай алу коэффициенті төмендейді.
Премьер-министр тауар газының қосымша көлемін сатудан түсетін пайда мұнай өндіру көлемінің төмендеуісалдарынан болған едәуір экономикалық шығынды өтемейтінін айтты.