АСТАНА, 28 шілде – Sputnik. Ұлытау облысында жол апатынан 5 адам қайтыс болды.
Қайғылы оқиға Жезқазған-Қарағанды тас жолында болған. Toyota 30 автокөлігі мен жүк көлігі соқтығысты.
Салдарынан Toyota-ның жүргізушісі мен төрт жолаушысы алған дене жарақаттарынан сол жерде қайтыс болды.
Аталған факті полицияда тіркеліп, тиісті сараптамалар жасалады. Оның қорытындысы бойынша процессуалдық шешім қабылданады.
Полиция көлік жүргізушілерінің жолдағы сақтық шараларын естен шығармауды ескертеді.