Қырғыз - қазақ шекарасында жүк көліктерінің кептелісі бірнеше шақырымға жетті

Sputnik
АЛМАТЫ, 28 шілде - Sputnik. Қырғызстан мен Қазақстан шекарасындағы бақылау-өткізу пунктінде жүйе істен шығып, салдарынан жүк көліктерінің кептелісі бірнеше шақырымға жетті, деп хабарлайды 24.kg.
Қырғыз Республикасының мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің хабарлауынша, қырғыз-қазақ шекарасында жүк көліктері кептеліп қалды.
Алдын ала мәлімет бойынша, 27 шілдеде сағат 22.50-ден бастап "Ақ-тілек-автожол", "Чон-капка-автожол", "Чалдыбар-автожол", "Ақ-Жол-автожол" бақылау-өткізу пункттерінде мемлекеттік салық қызметінің "жиынтық пост" автоматтандырылған ақпараттық жүйесі істен шыққан.
Қырғыз Республикасының МҰҚК Қырғызстанның мемлекеттік салық қызметі ЕАЭО-ға мүше елдерден республика аумағына әкелінетін тауарларды есепке алу үшін "жиынтық пост" ААЖ пайдаланады.
Қырғызстан МҰҚК Шекара қызметінің сыртқы көші-қонын есепке алудың бірыңғай жүйесі штаттық режимде жұмыс істейді. Жүргізушілермен және жүк тасымалдаушылармен түсіндіру жұмыстары жүргізіліп жатыр.