Өңірлер

Қостанай облысында 13 жастағы қызды улы жылан шағып алды

Баланың жағдайы ауыр
Sputnik
АСТАНА, 28 шілде – Sputnik. Қостанай облысында ата-анасымен балық аулауға барған 13 жастағы қызды улы жылан шағып алды, деп хабарлайды alau.kz.
13 жастағы қыздың айтуынша, ол 23 шілде күні ата-анасымен Қостанай мен Челябі облыстарының шекарасына балық аулауға барған. Баланы сол жерде жылан шағып алған. Ертесіне таңертең қыз ауруханаға түсті.
"Жылан оң қолының саусағынан шаққан. Салдарынан некроз пайда болып, оң қолы мен оң жақ кеудесі ісіп кеткен. Балаға жыланның уысына қарсы сарысу, гангренаға қарсы сарысу егілді, бактерияға және интоксикацияға қарсы терапия жасалды. Қыздың жағдайы ауыр, тұрақты. Ісік қайта бастады", - деді Қостанай облыстық балалар ауруханасының бас дәрігері Нұрлан Ержанов.
Дәрігерлер баланың өмірі үшін күресіп жатыр.
Алматы облысында жылан шаққан 9 жасар бала қайтыс болды