Өңірлер

Маңғыстауда 76 млн теңге бюджет қаражатын жымқырған мектеп есепшісі сотталды

Sputnik
АСТАНА, 28 шілде – Sputnik. Маңғыстау облысында жалпы білім беретін мектептерінің бірінде 76 млн теңгеден астам бюджет қаражаты жымқырылған, деп хабарлайды облыстық прокуратураның баспасөз қызметі.
"Штаттық кесте мен банктік шоттарды салыстыру барысында 3 жыл бойы өзіне артық соманы есептеген мектептің бас бухгалтерінің тиісті және іс-жүзінде төленген жалақысының арасындағы айырмашылық анықталды", - делінген прокуратураның хабарламасында.
Ведомствоның мәліметінше, аталған факті бойынша прокурорлармен қылмыстық іс қозғалып, тергеу экономикалық тергеу департаментіне тапсырылды.
Тергеу барысында аталған мектептің есепшісі кінәсін толықтай мойындады.
Сот үкімімен кінәлі адам Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 189-бабының 4-бөлігі (сеніп тапсырылған мүлікті иемдену және ысырап ету) бойынша 5 жыл мерзімге материалдық-жауапты лауазымдарды атқару құқығынан айырыла отырып, 7 жылға бас бостандығынан айырылды.
Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.
Жамбыл облысында ауыз суға бөлінген қаржыны жымқырған шенеуніктер сотталды