АСТАНА, 27 шілде – Sputnik. Қаржы министрі арнайы бұйрыққа қол қойып,тауар ақысын мобильді аударым арқылы төлеуге тыйым салды. Алайда кәсіпкерлер жаңа талапты орындауға асықпай отыр. Sputnik Қазақстан тілшілері Астанадағы базарлардың біріне барып, сатушылар мен сатып алушылардың пікірін тыңдап қайтты.
Салық көбейеді
Жабық базарда жеміс-жидек сататын Айгүл есімді сатушы мобильді аударымға үйреніп қалған. Оның айтуынша, халыққа да ыңғайлы.
"Мобильді аударым болмаса, әрине, қиналып қаламыз. Бәрі соған үйреніп қалды ғой. Қазір адамдар қолма-қол ақша ұстамайды, бірден "перевод" сұрайды. Біз де үйрендік. Қолма-қол ақша берсе, тиын іздеп кетеміз. Артық ақшасынқайтару керек. Оны алып тастаса, халық та қиналады", - дейді кәсіпкер.
Сатушылар мобильді аударым болмаса, салық көбейетінін де мойындап отыр.
"Салық өсіп кетсе, бізге одан сайын қиын болады. Аз табыстың бәрі салыққа кетеді. Бәрімізде кредит бар, нанымызды әрең тауып отырмыз", - дейді Айгүл.
Бүгінде Салық кодексі бойынша барлық есеп айырысу кассалық аппарат арқылы өтуі керек. Сосын QR-кодты пайдалануға болады. Бірақ барлық төлемге салық салынады.
Роза есімді кәсіпкер де табыстың барлығы "далаға кетіп жатқанын" айтып отыр.
"Мысалы, қазір төлемді карточкамен аламыз. Сол мезетте бәленбай процентін ұстап қалады. Біз ай сайын тауып жатқан табысымызды қайтадан бюджетке құйып отырмыз. Қалтамызда пайда қалмайды деуге болады. Біз бюджетке, мемлекетке, министрлікке, депутаттарға жұмыс істеп отырмыз, я болмаса, осы базардың директорына жұмыс істейміз. Өзіміз күнделікті нанымызды ғана шығарамыз", - дейді ол.
Сатып алушылар QR-кодты қалайды
Sputnik Қазақстанға сұхбат берген сатып алушылардың басым бөлігі төлем үшін QR-код ыңғайлы екенін айтты.
"Әрине, QR ыңғайлы, ұялы телефоныңды тосып, төлем жасай саласың. Сол жылдам, ал мобильді аударым жасау үшін телефон нөмірінтеру керек. Оған уақыт кетеді. Картаны үйде ұмытып кетесің немесе сынып қалады", - дейді астаналықтар.
Алайда қала тұрғындары ауыл халқын ұмытпау қажеттігін де айтып отыр. Ол жақта мобильді аударыммен төлеген ыңғайлы әрі тиімді.
"QR ыңғайлы, бірақ шалғай жерлерде мобильді аударым болмаса, қиналып кетесің. Мысалы, Астанадан 30 шақырым жергешықсаң, барлығы аударымды қолданады. Барлығында QR жоқ. Сондықтан ауылды жерлерді қатты қыспау керек", - дейді олар.