АСТАНА, 27 шілде - Sputnik. Ақтау қаласының білім бөлімі кішкентай балалармен подъездің алдында түнеген әйелдің үстінен шағым түсіргендерін мәлімдеді, деп хабарлайды жергілікті inaktau сайты.
"Бұл фактіге қатысты материал Ақтау қаласы әкімдігінің кәмелетке толмағандар ісі бойынша комиссиясына жолданды. Маңғыстау облысының ауданаралық сотына әйелдің аналық құқығын шектеу туралы арыз түсірілді", - делінген білім бөлімінің жауабында.
Еске сала кетсек, шілде айының 16-сынан 17-сіне қараған түні Ақтау қаласында тұрғындар подъездің алдында ұйықтап жатқан екі бала мен әйелді байқады. Әйел мас күйде болған. Бұл жағдайдан кейін балалар бөбектер үйіне орналастырылды.
Әкімдік қызметкерлері түсіндіру жұмыстарын жүргізді, алайда ол кезде де әйел мас күйде болған. Оның тұрғылықты жері жоқ. Өзі жуықта Ақтауға Жамбыл облысынан көшіп келген.