Қоғам

АЭС құрылысы: қоғамдық тыңдау қашан өтетіні белгілі болды

Sputnik
АСТАНА, 27 шілде – Sputnik. Қазақстанда атом электр станциясын салу бойынша қоғамдық тыңдау 22 тамызға белгіленді. Тыңдау Алматы облысының Үлкен ауылында мектеп ғимаратында өтеді.
"Тыңдау мекенжайы және өтетін орын: Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Үлкен ауылындағы орта мектептің мәжіліс залы. Күні мен уақыты: 2023 жылғы 22 тамыз сағат 11.00", - делінген хабарламада.
Бұған дейін қоғамдық тыңдау 28 ақпанға жоспарланған еді, бірақ кейін шегерілді.
Нысанда құрылыс-монтаж жұмыстары 2034 жылы аяқталып, ал 2035 жылы станция пайдалануға беріледі деп күтілуде.
Қазақстандағы АЭС: құрылыс жобасы қазір қандай кезеңде