АСТАНА, 26 шілде – Sputnik. Шымкентте бетон араластырғыштыңжүргізушісі бағдаршамда тұрған көліктерді соғып кетті, деп хабарлады Otyrar.kz.
Оқиға Рысқұлов пен Қазиев көшелерінің қиылысында болған.
"Бетон араластырғыштың жүргізушісі бар жылдамдықпен сегіз көлікті соққан. Куәгерлердің айтуынша, апатқа тежегіштіңістен шығуы себеп болған", - деп жазды басылым.
Бір адамзардап шекті – Mazda жүргізушісіауыр жарақат алған. Ол ауруханаға жатқызылды, қалғаныжеңіл жарақат алған.
Басылымның мәліметінше, көліктердің барлығы металл үйіндісіне айналды.
Оқиға орнында ұзын-сонар – кемінде 2 шақырым көлік кептелісі түзілді. Полицейлер жолды босатуға тырысты.
Оқиғаның мән-жайын анықтау жұмыстары жалғасып жатыр.