Петропавл қаласының аумағында полиция қызметкерлері қалалық мектеп мұғалімінің миссионерлік қызметті жүзеге асыру фактісін анықтады, деп хабарлайды Рolisia.kz.
28 жастағы ер адам бейнекамералар жоқ жерде оқушыларға діни жиындар өткізгендігі анықталды. Оқытушыдан діни мазмұндағы әдебиеттер мен дәрістер жазылған дәптер тәркіленді.
"ҚР ӘҚБтК 490-бабының 3-бөлігі "Қазақстан Республикасының діни қызмет және діни бірлестіктер туралы заңнамасын бұзу" бойынша 50 АЕК (172 500 тг) мөлшерінде айыппұл салуды көздейтін материал жиналды", – делінген хабарламада.