Елорда тынысы

Елордада алты жаңа автобус маршруты іске қосылады

Алты бағдар бойынша 95 автобус қатынайды
Sputnik
АСТАНА, 26 шілде – Sputnik. Астана халқының өтінішімен биыл 6 жаңа маршрут ашу жоспарланып отыр, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.
Нәтижесінде салынып жатқан жаңа аудандарға, автобустар жоқ немесе жетіспейтін проблемалы учаскелерге қызмет көрсету үшін 95 автобус жіберіледі.
Қозғалыс сызбалары қазір қалалық көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасында және CTS компаниясында қаралып жатыр.

"Қала маңындағы маршруттар да назардан тыс қалмайды, өйткені қала маңындағы тұрғындардың көпшілігі елордада жұмыс істейді және оқиды. Жаңа қалалық үлгідегі автобустарды сатып алған кезде қалалық маршруттардан 40-қа жуық автобус босатылады. Олар қолданыстағы қала маңындағы маршруттарға қосылады", - деді "№1 автобус паркі" АҚ басқарма төрағасы Медет Шакаев.

Сондай-ақ ол бүгінгі таңда автопаркте автобус жүргізушілері тапшы екенін атап өтті. Қызметкерлерді бос орындарға қабылдау үнемі жүргізіледі.
Елорда тынысы
Астана әуежайының автотұрағы қымбаттайды