Екібастұзда газ құю станциясындағы өрттен кейін жас жігіттің денесі табылды

Sputnik
АСТАНА, 26 шілде – Sputnik. Екібастұз қаласында автокөлікке газ құю станциясында 4 резервуар өртеніп, бір адам көз жұмды, деп хабарлады төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі.
"26 шілде сағат 13:24-те автокөлікке газ құю станциясында газ құйылған 4 резервуар өртенді. Сондай-ақ оқиға орнында шамамен 40 газ баллон болған", - делінген хабарламада.
Өрт жақын маңдағы "Феруза" азық-түлік дүкеніне өтіп, шамамен 200 шаршы метр аумақтағы шатыр, сондай-ақ 20 шаршы метр аумақтағы су мұнарасының шатыры өртенді.
Ведомствоның мәліметінше, сағат 15:22-де цистернаның жанынан жас жігіттің денесі табылған.
Өрт 15:00-де оқшаулауланып, 15:44-те сөндірілді. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.
Жеке сектор жолдың арғы жағында 100 метрден астам қашықтықта орналасқан. Тұрғындар эвакуацияланған жоқ.