Экономика

ЕАЭО елдерінің азаматтары Ресейде көші-қон есебіне қосымша арқылы тұра алады

Sputnik
АСТАНА, 26 шілде – Sputnik. ЕАЭО елдерінің азаматтары 2023 жылғы 26 қазаннан бастап Ресейде көші-қон есебіне өз бетінше тұру құқығын алады, деп мәлімдеді ЕЭК-тің ресми өкілі Ия Малкина.
"Мұны бірыңғай идентификация және аутентификация жүйесінде мемлекеттік қызметтер және тіркеу бірыңғай порталында жеке кабинет болған кезде жасауға болады", - деп түсіндірді Малкина.
Оның айтуынша, Ресейге келгендер кәмелетке толмаған балаларының келгені туралы да өздері хабарлай алады.
ЕАЭО елдеріне ортақ цифрлық валюта қажет пе?