Абай облысында үшемдердің отбасына пәтер кілті табысталды

Sputnik
АСТАНА, 26 шілде – Sputnik. Абай аймағы жаңадан құрылғалы бері дүниеге келген алғашқы үшемнің отбасына Семей қаласынан баспана берілді.
Облыс әкімі Нұрлан Ұранхаев үшемді қосқанда сегіз балалы болған жас отбасын құттықтап, 3 бөлмелі пәтер сыйға тарту етті.
Абай облысында үшемдердің отбасына пәтер берілді
Жас отбасы осы уақытқа дейін Жарма ауданының орталығы Қалбатау ауылында пәтер жалдап тұрған. Үшем дүниеге келмес бұрын Азамат және Аида 5 баласын тәрбиелеп келген. Олар облыс орталығынан баспаналы болғанына риясыз қуанышты екенін жеткізді.