Зәкиева баланы тепкен шетелдіктің ісіне қатысты түсініктеме берді

Sputnik
АЛМАТЫ, 25 шілде – Sputnik. Қазақстан бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева әлеуметтік желідегі парақшасында Алматы маңындағы сауда орталығында баланы тепкен шетелдіктің мәселесі неліктен бұзақылық бабы бойынша қаралатынын түсіндірді.
Зәкиеваның айтуынша, Түркия азаматы Қазақстаннан шығарылуы мүмкін.
Зәкиеваның айтуынша, заңнамада мұндай қылмысқа қатысты арнайы бап жоқ. Сондықтан кінәлі адам "Бұзақылық"бабы бойынша жауапқа тартылады.
"Осыған байланысты біз қазір Ішкі істер министрлігімен бірлесіп, заңнамаға балаларға жасалған зорлық-зомбылыққа қатысты тиісті баптарды енгізуге кірістік. Жалпы, түзетулер балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатысты әртүрлі саламен байланысты. Заңнамаға ұсыныстар пакетін парламентке осы күзде беруді жоспарлап отырмыз", - деп жазды Динара Зәкиева.
"Алматы облысы ІІМ ПД-мен байланысорнаттым. Бұл факт бойынша сот шешімі күшіне енгеннен кейін шетел азаматын Қазақстан шекарасынан шығаруға бағытталған сот процесі басталады (жазасын мұнда өтегеннен кейін)", - деп түйіндеді Бала құқықтары жөніндегі уәкіл.
Еске сала кетейік, Алматы маңындағы сауда орталықтарының бірінде 4 жасар бүлдіршінді Түркия Республикасының азаматы теуіп құлатты.