Шымкентте жеті жастағы бала терезеден құлап мерт болды

Sputnik
АЛМАТЫ, 25 шілде - Sputnik. Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданында үш қабатты тұрғын үйдің терезесінен бала құлап кетті, деп хабарлайды қалалық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.
Оқиға 24 шілдеде сағат 16:20 болған.
"2016 жылы туған ер бала 2-ші қабатта орналасқан пәтердің терезесінен құлап, сол жерде қайтыс болды. Анасы сол сәтте жуыну бөлмесінде болған", - дейді ведомстводағылар.
Жалпы Шымкентте жыл басынан бері төрт бала көпқабатты үйдің терезесінен құлаған.