Ресей кеденшілері Қазақстан мен Беларусьтен алынған 1,3 мыңға жуық темекіні тәркіледі

Sputnik
АСТАНА, 25 шілде - Sputnik. Кемерово кеденінің қызметкерлері Новокузнецк сауда нүктелерінен Қазақстан мен Беларустьен алынған арнайы таңбасы жоқ 1 278 қорап темекіні анықтады.
Екі дүкен мен оларға іргелес үй-жайларды тексеру кезінде Беларусь және Қазақстан Республикасында өндірілген акциздік маркалары жоқ 9 түрлі темекі табылды. Негізі өнімде Data Matrix таңбасы міндетті түрде болуы керек.
Ал бұл өнімдерде ондай таңба болмаған. Бұл Ресей заңнамасын бұзу болып есептеледі. Айта кетейік, контрабандалық тауардың жалпы құны 150 мың рубльден асады.
Ішкі нарықта тауарлардың әкелінуі мен айналымын тексеру полиция қызметкерлерімен бірлесіп жүргізілді.