Қазақстанның бірнеше өңірінде ұялы байланыс сапасы нашарлады

Sputnik
АЛМАТЫ, 25 шілде - Sputnik. Орталық және Солтүстік Қазақстан мен Астанада, сондай-ақ басқа да өңірлерде тұрғындар интернет қызметіне шағымданды.
Әсіресе Kcell және Activ ұялы байланыс операторларының қызметіне шағымданушылар көп. Тұрғындар интернетке қосылу қиындық тудырғанын, ал таңертең желіге тіпті кіре алмағандарын айтты.
Kcell компаниясы ақаудың бар екенін растады. Олар бұл мәселе 5G байланысына ауысудан болды деп түсіндірді.
"Желінің сапасын жақсартып, 5G-ге көшу үшін жаңарту жұмыстары жүргізілді. Қазіргі уақытта барлық қызметтердің жұмысы толығымен қалпына келтірілді", - деп хабарлады компания.
Желіні жаңарту жұмыстары Астана, Қарағанды, Қостанай, Көкшетау және Петропавл тұрғындарының да интернетіне әсер еткен.
Астана интернет жылдамдығы жағынан Токионы басып озды – министр