Өңірлер

Қарағандыда жаппай төбелес ұйымдастырмақ болған 42 адам ұсталды

Sputnik
ҚАРАҒАНДЫ, 25 шілде – Sputnik. Қарағандыдағы сауда үйлерінің бірінің маңындағы автотұрақ маңында бұзақылық әрекеті үшін 42 адам ұсталды, деп хабарлайды ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі.
Қарағанды облыстық полиция департаменті ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері қаладағы сауда үйлерінің бірінің маңындағы автотұрақ маңында жаппай төбелес ұйымдастырмақ болған бір топ адамның бұзақылық әрекетіне тосқауыл қойды.

" Полицияға 42 адам жеткізілді, оның 11-і – кәмелеттік жасқа толмағандар", - делінген полиция хабарламасында.

Ұсталғандардан пышақ, тапаншаға ұқсас зат, кастет және 7 көлік тәркіленді. Көліктер полиция басқармасының автотұрағына қойылды.
Қылмыстық кодекстің 293-бабына сәйкес қылмыстық іс тіркелді. Тергеу амалдары жүргізілуде.