Павлодар тұрғыны ресейлік бидайды үш елге қазақстандық өнім ретінде 1 млрд теңгеге сатқан

Sputnik
АСТАНА, 25 шілде – Sputnik. Павлодар облысында ресейлік бидайды жалған құжаттар арқылы экспортқа заңсыз шығару схемасы анықталды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан қаржылық мониторинг агенттігіне сілтеме жасап.
Кәсіпкер ресейлік бидайды қазақстандық өнім ретінде экспорттаған. Сол үшін жалған келісімшарттар жасап отырған.
"Анықталған азамат 2021-2022 жылдар аралығында 26 мың тонна ресейлік бидайды Орталық Азия елдеріне (Ауғанстан, Тәжікстан, Өзбекстан) қазақстандық өнім деп жазылған жалған шот-фактуралар бойынша 1 млрд теңгеден астам сомаға экспорттаған. Осылайша жалпы сомасы 460 млн теңгені құрайтын халықаралық транзиттік тариф бойынша тасымалдау төлемдерін төлеуден жалтарған", - дейді агенттік мамандары.
Қазіргі кезде сотқа дейінгі тергеу шаралары аяқталды.
Ресми мәліметке сәйкес, соңғы бір жарым жылда Павлодар облысында 5,4 млрд теңгеден астам сомаға жалған шот-фактураларды бергені үшін 5 тұлға қылмыстық жауапқа тартылды.
Астанада басқарма басшысының ісі сотқа берілді