Оқиға

Елордалық құтқарушылар жанып жатқан пәтерден жас жігітті алып шықты

Өрт шыққанда пәтер иесі үйде болған
Sputnik
АСТАНА, 25 шілде – Sputnik. Астанада көпқабатты тұрғын үйде пәтерден өрт шықты.
Төтенше жағдай 25 шілде түсте болған. Байтұрсынов көшесінде пәтер өртеніп жатқаны туралы хабар түсті.
Өрт сөндірушілер оқиға орнына 6 минутта жеткен. 30 шаршы метр аумақта үй жиһаздары, заттар жанып жатқаны анықталды.
"Өрт сөндірушілердің күшімен тілсіз жау сағат 16.28-де оқшауланып, 16.44-те сөндірілді. Елордалық өрт сөндірушілер жанып жатқан пәтерден үй иесі – 1996 жылғы ер адамды құтқарды", - деп хабарлайды ТЖМ баспасөз қызметі.
Өртті сөндіруге қалалық ТЖД жеке құрамының 22 адамы және 4 бірлік техникасы жұмылдырылды.
Астанада жатақханадан шыққан өрттен 60 адам эвакуацияланды