Астанада басқарма басшысының ісі сотқа берілді

Sputnik
АСТАНА, 25 шілде – Sputnik. Астана қаласының қоршаған ортаны қорғау басқармасының басшысы жемқорлық жасады деген күдікке ілінді, деп хабарлайды сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет "Астана қаласының қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану басқармасы" мемлекеттік мекемесінің басшысына қатысты тергеуді аяқтады.
"Ол лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдалана отырып, кәсіпкерлік субъектісіне 4,7 млн теңге көлемінде залал келтірген деген күдікке ілінді", - делінген агенттік хабарламасында.
Қазіргі уақытта айыпталушының ісі сотқа берілді.
Тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жария етілмейді.
Қоғам
Астанада басқарма басшысы жемқорлық жасады деген күдікке ілінді