Ағзадағы дәрумен тапшылығын қалай анықтауға болады – дәрігер кеңесі

Sputnik
АЛМАТЫ, 25 шілде – Sputnik. Ағзадағы кері өзгерістердің басты себебі - дәруменнің жетіспеуі. Медициналық сақтандыру қоры Алматы қалалық филиалының мамандары бірқатар пайдалы кеңестермен бөлісті.
Мысалы шашыңыз көп түссе, демек ағзада темір, мен мырыш тапшы деген сөз. Ал аяғыңыз құрысса магний жетіспеуі мүмкін.
Әсіресе әйел адамдар терінің құрғап кетуінен жиі сақтанады. Өйткені тері құрғақ болса, беттегі әжім көбейеді.
"Құрғақ тері А және Е дәрумендерінің жетіспеушілігінен болады. Сондай-ақ адам өз-өзінен шаршап, әлсіресе демек ағзада темір және Д дәрумені жетіспейді деген сөз", - дейді Медициналық сақтандыру қоры Алматы қалалық филиалының мамандары.
Ағза тез көгеріп, ұсақ қантамырлар жарылса онда К және С дәрумендерін көбірек қолданған жөн, өйткені дәл осы дәрумендер ағзадағы кемшілікті қалпына келтіреді.
"Адам жиі суық тиіп ауыра беретін болса, мырыш, С және Д дәрумендерін ішу керек. Ал тырнақтағы ақ дақтар мырыш тапшылығынан пайда болады. Тағы бір жақсы кеңес С және кальций дәрумендерін қолдану. Өйткені бұл сүйектің тығыздығы мен тістің сапасын жақсартады", - дейді дәрігерлер.
Егер сезу қабілетіңіз нашарлап, ұйқы басып, аяқ-қолдарыңыз жиі қышыса, демек ағзаңызда В12 дәрумені жетіспеуі мүмкін.
"Теріңізде дақтар пайда болса С дәруменінің тапшылығы. Бет теріңіз әрсізденіп, босап кетсе, сізде ақуыз, коллаген және С дәрумені жетіспейді деген сөз", - дейді мамандар.
Ал аузыңызда езулік пайда болып, езу бұрышы жарылса міндетті түрде В2 дәруменін қолданыңыз. Өйткені ағзада дәл осы дәруменнің болмауы адамда езуліктің пайда болуына әкеп соғады.
"Осындай белгілері бар адам жергілікті емханада дәрігерден кеңес алып, керекті дәрумендерді ала алады. Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол іздеу керек. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруы бар тұрғындар қажетті сараптамаларды тапсырып, диагностикадан өте алады", - дейді дәрігер.