Алматыда жалған доллар сатпақ болғандар ұсталды

Sputnik
АСТАНА, 24 шілде – Sputnik. Алматы қаласында жалған долларға криптовалюта сатып алғысы келген бір топ адам ұсталды, деп хабарлайды қаржылық мониторинг агенттігі.
Агенттіктің Алматы қаласы бойынша департаменті жалған ақшаны сақтау және сатуға әрекет жасау фактісі бойынша тергеу шараларын бастады. Көлік құралын тексеру барысында ұсталғандардың бірінен үш дана жасанды 100 АҚШ доллары табылған.
"Зерттеуге ұсынылған 2006 және 2017 жылғы үлгідегі жалпы сомасы 20 600 АҚШ долларын құрайтын банкноттар АҚШ федералдық резервтік банкі шығарған банкноттарға сәйкес келмейді", - дейді агенттік мамандары.
Қазіргі кезде сотқа дейінгі тергеу шаралары жүргізіліп жатыр. Күдіктілер қамауға алынды.
Астана қаласы мен Қостанай облысында жалған доллар сатылған