АСТАНА, 24 шілде – Sputnik. Қазақстанның жұптық сындағы бірінші, әлемнің 53-ракеткасы Александр Недовесов Бастад (Швеция) ATP 250 турнирінің чемпионы атанды.
Қазақстандық теннисші эквадорлық Гонсало Эскобармен бірге финалда португалиялық Франсишку Кабраль – бразилиялық Рафаэль Матоспен бас жүлде үшін сынға түсті.
Недовесов пен Эскобар екі сетте де 6:2, 6:2 есебімен басым түсті.
Осылайша, Александр өз спорттық мансабында алғаш рет ATP 250 жарысының жеңімпазы болды. Бұған дейін ол төрт мәрте финалға шығып, барлығында жеңіліп қалған еді.