АСТАНА, 23 шілде – Sputnik. Қазақстанда бас прокуратураның жанынан активтерді қайтару жөніндегі комитет құрылады. Жаңа комитет заңсыз алынған активтерді елге қайтару ісімен айналысады.
12 шілдеде Қазақстанда "Заңсыз алынған активтерді мемлекетке қайтару туралы" және қолданыстағы нормативтік-құқықтық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заңдар қабылданған болатын.
Осыған сәйкес, Қазақстан Республикасы бас прокуратурасының активтерді қайтару жөніндегі комитеті республикалық мемлекеттік мекемесі құрылсын, деп жазылған Қазақстан президенті жарлығының жобасында.
Айта кету керек, құжаттарға сәйкес, бас прокуратураның жаңа комитетінде 100-ден астам қызметкер жұмыс істейтін болады.