Денсаулық

Қазақстанда бауыр обырына шалдыққан сәбиге алғаш рет бірегей әдіспен ота жасалды

Sputnik
АСТАНА, 23 шілде – Sputnik. Қазақстандық дәрігерлер балаларда кездесетін бауырдың қатерлі ісігін емдеудің бірегей әдісін енгізді.
Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығында халықаралық стандарттарға сәйкес балалардағы бауырдың онкологиялық ауруларын емдеудің кешенді тәсілінде химиоэмболизация әдісі педиатриялық практикаға енгізілді.
Бірінші операция бір жарым жасар қызға жасалды. Операция шамамен екі сағатқа созылды, деп хабарлайды денсаулық сақтау министрлігі.
"Бұл әдістің артықшылығы – ол ісікті басқа органға зиян келтірместен тікелей жояды, ауыр асқынулардың алдын алады және өлімді азайтады. Химиялық препарат нүктелі түрде енгізілгендіктен, ол ісікке ғана бағытталады және бүкіл организмге әсер ететін жүйелік әдіске қарағанда бірнеше есе тиімді болады. Оңалту тек 2-3 күнге созылады, пациент ем-домнан кейін 3-ші күні шығарылады. Бұл әдіспен хирургиялық жолмен операция жасалмайтын бауыр ісіктерінің мөлшерін тұрақтандыруға немесе азайтуға болады", — дейді рентгенхирург, ПБХҒО балалар интервенциялық кардиологы Азиз Оңласынов.
Айта кетері, Қазақстанда бұл әдіс тек ересектерге ғана қолданылып келген. 2005 жылдан бастап оны Еуропаның дамыған елдерінде балаларға жасайды.
Қазақстанда жыл сайын орта есеппен балаларда қатерлі ісіктің 600-ге жуық жаңа жағдайы анықталады. Гепатобластома барлық ісіктің шамамен 0,5-2% және балалардағы бауырдың бастапқы ісіктерінің 2/3-ін құрайды.
Сырқаттанушылық Еуропада 1/1 000 000 және АҚШ-та 1-1,5/1 000 000 деп бағаланады. 2013 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін гепатобластома диагнозымен 69 бала емделді, оның 40-ы ремиссияда.
Дәрігерлер 3 жасар баланың омыртқасына бірегей ота жасады