Каспий теңізінің жағалауында екі жасөспірім құтқарылды

Sputnik
АСТАНА, 23 шілде – Sputnik. Каспий теңізі жағалауында суға батып кете жаздаған 16 және 17 жастағы екі жасөспірім құтқарылды, деп хабарлайды Маңғыстау облыстық төтенше жағдайлар департаменті.
Департаменттің мәліметінше, 22 шілдеде сағат 20.50 - де 112 пультіне Каспий теңіз жағалауынан серфинг-таяқшасымен жағадан 1,5 шақырымға екі жасөспірімнің алыстап кеткені туралы хабар келіп түскен.
2006 және 2007 жылы туған екі жасөспірімді Маңғыстау облыстық төтенше жағдайлар департаменті жедел құтқару жасағының құтқарушылары құтқарды. Оларға медициналық көмек қажет болған жоқ.
Авариялық-құтқару жұмыстарына жедел құтқару жасағының құтқарушылары мен жүзу құралы жұмылдырылды.
Ақтөбе облысында катамаранмен серуенге шыққан төрт адам құтқарылды