АСТАНА, 23 шілде – Sputnik. Балаларға арналған облыстық жұқпалы аурулар ауруханасы осы жағдайға қатысты түсініктеме берді.
Жас ананың айтуынша, емдеу мекемесінде екі күннен бері ауыз су және техникалық су жоқ. Сондықтан пациенттер бес литрлік бөтелкедегі ауыз суды сатып алуға мәжбүр болып жүр, деп хабарлайды "Лада".
"Ыдыс жууға мүмкіндік жоқ. Палата тазаланбаған. Олар бізге нақты жауап бермейді. Осындай жағдайларға байланысты қолхат жазып, үйге шыққымыз келеді. Бірақ олар бізді жібермей жатыр", - дейді Жазира есімді науқас.
Балалар жұқпалы аурулар ауруханасындағылар қазіргі уақытта құбырлар ескіргендіктен және жертөлеге жиі су ағып жатқандықтан құбырлар ауыстырылып жатқанын хабарлады.
Дегенмен жөндеу жұмыстарының қашан аяқталатыны әзірге белгісіз.