Қоғам

Абай облысында тоғыз жасар қызды зорлаған ер адам 25 жылға сотталды

Sputnik
АСТАНА, 23 шілде – Sputnik. Семейде тоғыз жасар қызды зорлаған 48 жастағы ер адамға қатысты сот үкімі шықты, деп жазды "Не Молчи" қорының президенті Дина Смайылова әлеуметтік желіде.
Абай облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты тоғыз жасар қызды зорлаған ер адамға үкім шығарды.
"Ер адам 25 жылға бас бостандығынан айырылды. Ол жазасын қатаң режимдегі колонияда өтейді", - деп жазылған хабарламада.
Жантүршігерлік оқиға 2022 жылы тамыз айында болды. Қыздың анасының айтуынша, қылмысты 48 жастағы көршісі жасаған.
Қоғам
5 жасар қыздың өлімі: Сарыағаш аудандық сотының төрағасы қызметінен босатылуы мүмкін