АСТАНА, 22 шілде - Sputnik. Қазақстан футбол федерациясының басшысы Әділет Барменқұлов 2034 жылғы әлем чемпионатын өткізуге Өзбекстанмен ФИФА-ға бірлескен өтінім беруді ұсынды.
Бұл ұсынысын ол Қырғызстанда өткен Орталық Азиядағы түркітілдес елдердің футбол қауымдастықтары ресми тұлғаларының саммитінде айтты.
Келесі әлем чемпионаты 2026 жылы өтеді. Ол бірден үш елде - Канада, Мексика және АҚШ-та өтеді.