Қазақстан мен Ресей шекараларында жол төсемін жөндеу жұмыстары жүргізіледі

Sputnik
АСТАНА, 21 шілде – Sputnik. Қазақстан мен Ресей шекараларында жол төсемін жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланып отыр, деп хабарлайды ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі.
"27 шілде мен 25 тамыз аралығында Қазақстан Республикасының "Қайрақ" өткізу пунктіне қарама-қарсы Ресей Федерациясының "Бугристое" автокөліктік өткізу пунктінде жол төсемін жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланып отыр", - делінген комитет хабарламасында.
Ведомство осы ретте, көліктердің қозғалысы қиындап, салдарынан бақылау процедураларының уақыты ұзаруы мүмкін екенін ескертті.
Комитет Қостанай облысы арқылы мемлекеттік шекараны төмендегі өткізу пунктері арқылы кесіп өтуді ұсынады:
халықаралық өткізу пункті:
– "Ақбалшық" авто (ҚР) – "Воскресенское" авто (РФ);
екі жақты өткізу пунктері:
– "Обаған" авто (ҚР) – "Звериноголовское" (РФ)
– "Желқуар" (ҚР) – "Мариинский" (РФ)
– "Аят" (ҚР) – "Николаевка" (РФ)
– "Қондыбай" (ҚР) – "Комсомольский" (РФ).
Қоғам
Қазақстанның көрші елдермен шекарасында көлік кептелісі пайда болды – ҰҚК түсініктемесі