АСТАНА, 21 шілде – Sputnik. Бүгіннен бастап Үлкен Алматы айналма жолы (БАКАД) ресми түрде ақылы болады, деп еске салды Алматы әкімдігі.
Айналма жол салтанатты түрде 16 шілдеде ашылған болатын.
Ақылы жолдың өкілдері жол жүру құны автокөліктің салмағына қарай бір сапар үшін 200 теңгеден 2500 теңгеге дейін баратынын мәлімдеді.
Жол жүру құны:
жеңіл автокөлік – 241,5 теңге (0,07 АЕК);
16 жолаушы орнына дейінгі автобустар және жүк көтергіштігі 2,5 тоннаға дейінгі жүк көліктері – 414 теңге (0,12 АЕК);
32 жолаушы орнына дейінгі автобустар және жүк көтергіштігі 5,5 тоннаға дейінгі жүк көліктері – 759 теңге (0,22 АЕК );
жолаушылар орны 32-ден көп автобустар және жүк көтергіштігі 10 тоннаға дейінгі жүк көліктері – 1242 теңге (0,36 АЕК );
жүк көтергіші 10 тоннадан 15 тоннаға дейінгі жүк көліктері – 1483,5 теңге (0,43 АЕК);
жүк көтергіші 15 тоннадан басталатын, оның ішінде тіркемелері, тартқыштары бар жүк көліктері – 2484 теңге (0,72 АЕК).