Елорда тынысы

Астанада мұқтаж жандарға автобустарда тегін жүруге арналған карталар берілмеген

Оған мемлекеттік сатып алу конкурсын қайта өткізбеу себеп болған, кінәлі тұлға жауапқа тартылды
Sputnik
АСТАНА, 21 шілде – Sputnik. Биыл Астананың мұқтаж тұрғындарына қоғамдық көлікте тегін жүруге арналған электронды жеке карталарды бермеген. Бұл туралы қалалық прокуратура хабарлады.
Сарыарқа ауданының прокуратурасы қалалық жолаушылар көлігі бағыттарында жол жүру ақысын төлеуден босату түріндегі азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету тәртібінің сақталуына талдау жүргізген.
"Биыл әлеуметтік көмекке мұқтаж азаматтарға елорданың автобустарында тегін жүруге электронды жеке карточкалар берілмегені анықталды. Оған себеп уәкілетті орган электронды карталарды сатып алу бойынша мемлекеттік сатып алу конкурсын қайта өткізбеген", - делінген хабарламада.
Прокурорлық қадағалау актісі негізінде 2 900-ден астам астаналықтың құқықтары қалпына келтірілді. Нәтижесінде әлеуметтік көмекке мұқтаж жандардың барлық санатына қоғамдық көлікте жеңілдетілген жол жүру құқығымен дербестендірілген карточкалар берілді.
Ал кінәлі тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды.
Өңірлер
Қарағандыда 18 жасқа дейінгі балалар қоғамдық көлікпен тегін жүреді