АСТАНА, 20 шілде – Sputnik. Шымкент әкімінің орынбасары Мақсұт Исахов ұсталды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан Ұлттық қауіпсіздік комитетіне сілтеме жасап.
"2023 жылдың 20 шілдесінде Ұлттық қауіпсіздік комитеті прокуратураның үйлестіруімен жемқорлық жасады деген күдікпен Шымкент қаласы әкімінің орынбасары М. Исаховты ұстады", - деп жазылған хабарламада.
Бұл факт бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру және барлық қажетті жедел-тергеу іс-шарасы жүргізіліп жатыр.
Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етілмейді.
Исахов әкімнің орынбасары қызметінде 2020 жылдың ақпан айынан бастап істеген.
Еңбек жолын ішкі істер органдарында бастады. Одан кейін Қазақстан темір жолында және Шығыс Қазақстан облысының әкімдігінде жұмыс істеді. Өскемен қаласы әкімінің орынбасары болды.
Алматыда жолдар және жолаушылар көлігі басқармасын, артынан энергетика және тұрғын үй-коммуналдық басқармасын басқарды. Президент әкімшілігінде мемлекеттік инспектор қызметін атқарған.