"Қыздың анасы арыз жазудан бас тартты": полиция Қырғауылдыдағы оқиғаға түсініктеме берді

Sputnik
АЛМАТЫ, 20 шілде - Sputnik. Алматы облысы Қырғауылды ауылында жеткіншек қызды көршісі байлап тастаған. Полиция түсініктеме берді.
Бейнежазбада әйел жеткіншектің аузы мен қолын байлап тастаған. Полицияның айтуынша, әйелдің жасы - 23-те.
"Алдын ала мәліметтер бойынша, ол мұны кәмелетке толмаған баланың ата-анасына ашуланып істеген. Өйткені қыздың әке-шешесі бейнежазбадағы әйелге ақшалай қарыз болған. Бірақ күдікті баланы босатып қоя берген", - дейді ведомство.
Ал жәбірленуші қыздың анасы ауылдастарының үстінен арыз жазудан және сот-медициналық сараптама жүргізу үшін қызын ұсынудан үзілді-кесілді бас тартқан.
Бұл факт Қылмыстық кодекстің 389-бабы бойынша ("Өзінше билік ету") Жамбыл аудандық полициясында тіркелген. Қажетті сараптамалық тексерулер жасалады дейді полиция.
Қыздың қолын байлап, алып кеткен: желіде тараған видеоның мән-жайы анықталды