Қытайдағы Тяньмэнь тау жолы әлемдегі ең әдемі жолдардың бірі саналады – ұзындығы шамамен 11 шақырым болатын иілгіш серпантин киелі тау көрінісіне жол ашатын 99 күрделі бұрылыстан тұрады.
Фуркапас биік тау жолы Швейцария Альпілеріндегі аттас асудан өтеді. Ауа райы қолайлы кезде бұл тас жолмен көлікпен ғана емес, сонымен қатар велосипедпен де серуендеуге болады.
Намибия шөліндегі Соссусфлейге апаратын жолдың көрінісі. Тас жолдың айналасын құм төбелері қоршап тұр.
"Шу даңғыл жолы" әлемдегі ең әдемі автомобиль жолдары тізіміне енген. Жол Ресейдің ең көркем аймақтарының бірі – Алтайда орналасқан. Жабайы табиғаттың сұлулығы мен алуан түрлі тау пейзаждарына көз тоймайды. Жолдың ұзындығы 589 шақырымды құрайды.
Қарақорым автомобиль жолы Ұлы Жібек жолының көне бағдары арқылы өтеді. Тау арасында орналасқан ең биік халықаралық тас жолмен жүріп өткен саяхатшы Пәкістан мен Батыс Қытайдың таңғажайып жабайы табиғатын тамашалай алады. Бір жарым мың шақырымға жуық асфальт жол планетаның ең биік тауларының мәңгілік мұзы арқылы, түбі көрінбейтін шатқалдар мен асау тау өзендерінің бойымен өтеді.
Әбу-Дабидегі (БАӘ) Джебель Хафит тауына апаратын тегіс жолмен көлік немесе велосипедпен жүруге болады. Тауда көптеген жануар, жәндіктер, сирек кездесетін құстар мен бауырымен жорғалаушылар мекен етеді. Бұл тау ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұрасы тізіміне енген және оны әлем кереметтерінің біріне теңестіру мәселесі қарастырылып жатыр.
М18 "Кола" тас жолы Санкт-Петербургтен Петрозаводск арқылы Мурманскке және одан әрі Норвегия шекарасына апарады. Бұл таңғажайып жол жазықтар, ормандар, тундра және таулар арқылы өтеді және Нева, Волхов, Свир, Оланка сынды көптеген өзенді кесіп өтеді. Жол бойы көпірлерді, сәулет ескерткіштерін, көне ғибадатханалар және қорғалатын аймақтарды кездестіруге болады.
Италиядағы Амальфи жағалауы. Жол шығанақтар, жағажайлар, жүзім және зәйтүн алқаптары, лимон ағаштары егілген төбелер арқылы тау жартасының бойымен өтеді және жол үнемі теңізге қарай төмен түседі, біресе тауға қарай көтеріледі. Бірегей Амальфи жағалауы да ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұрасы тізіміне енген.
Австралияның Виктория штатындағы Ұлы мұхит жолы – туристер жиі келетін әйгілі көрнекі нысан. Жол жүзімдіктер мен жаңбырлы ормандар арқылы өтеді. Ол жағалаудағы Торквей қаласынан басталып, жағалау бойымен Аллансфорд елді мекеніне дейін созылады. Мұнда әлемнің түкпір-түкпірінен туристер таңғажайып көріністерді тамашалауға келеді.
Аннам тауларындағы Хайван асуы – Вьетнамдағы ең керемет тау жолдарының бірі. Бұл жерден жасыл кілем секілді төселіп жатқандай таулар мен мөлдір көгілдір су түйіскен жерді тамашалауға болады. Дегенмен Хайван асуы әрқашан қауіпті жолдарымен танымал.
Теңіз деңгейінен шамамен 2440 метр биіктікте орналасқан АҚШ-тағы Брайс-Каньон саябағындағы жол ең керемет және көркем жолдардың бірі. Мұндағы пішіні қызықты таулы түзілістер бар және каньондардың керемет көріністерін тамашалуға болатын шолу алаңдары бар.
Румыниялық Трансфагараш немесе Норвегиядағы Тролльдер жолы – Еуропадағы ең әдемі және ең қауіпті жолдардың бірі. Ол өткір тау шыңдарының аясында созылып жатыр. Бұл тауда Быля тау көлі мен сарқырамасы және Дракула резиденциясы ретінде белгілі Поенарь бекінісі сынды Румынияның басқа көрікті жерлері орналасқан.