АСТАНА, 20 шілде – Sputnik. Қостанай облысы мен Астанада жалған доллар сақтап, сатқаны үшін 5 адам сотталды.
"Шарапиев С., валют тауып әкелумен айналысса, Жакупов Т. және Шаймердинов А. Қостанай облысының аумағында, ерлі-зайыпты Бердімұратовтар Астана аумағында сатып отырған", - деп жазылға хабарламада.
30 000 жалған доллардың 28 600-і сотқа дейінгі тергеу барысында анықталып, тәркіленді.
Аталған қылмыстарды жасағаны үшін сотталушыларға "Жалған ақша немесе бағалы қағаздар жасау, сақтау, алып өту немесе өткізу" бабымен, сондай-ақ жәбірленушілерді алдау фактілері болғандықтан "Алаяқтық" бабы бойынша айып тағылды.
Сот үкімімен Шарапиев С. ең төменгі қауіпсіздік мекемесінде 5,5 жылға бас бостандығынан айыру жазасына, Шаймердинов А. мен Жакупов Т. орташа қауіпсіздік мекемесінде 5,5 жылға дейін, ерлі-зайыпты Бердімұратовтар шартты түрде 5 жыл 2 айға бас бостандығынан айырылды.