АЛМАТЫ, 19 шілде – Sputnik. Жетісу облысында ауыр жүк көліктерін тонаған 6 адам ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz.
Қылмыстық топ мүшелері 6 адамнан тұрған. Олар ауыр жүк көліктерін тонаумен айналысқан.
"Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы Жетісу облысы прокуратурасымен бірге Жетісу өңірі арқылы Алматы – Өскемен тас жолының бойымен транзитпен кетіп бара жатқан ауыр жүк көліктерінен мүлікті ұрлаумен айналысқан қылмыскерлерге жедел іздестіру іс-шараларын жүргізді. 10 шілдеде қылмыстық топ ұсталды", - деп хабарлайды ведомство.
Қылмыстық топ жүйелі түрде ірі партиялы жүк көліктерінен түрлі тауарларды ұрлаған. Полицияның айтуынша, олар ұрланған мүлікті сатуды да жақсы ұйымдастырған.