АСТАНА, 19 шілде – Sputnik. Жетісу облысы төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Бауыржан Ізбасаров қамауға алынды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Бұл ақпаратты сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі растады.
"Ол сыбайлас жемқорлық жасады деген күдікке ілінді. Қазіргі күні сотқа дейінгі тергеу басталды ", - деді сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметі.
Агенттіктің мәліметінше, тергеу мүддесіне сәйкес өзге ақпарат жария етілмейді.
Бауыржан Ізбасаров 2022 жылы тамыз айында Жетісу облыстық төтенше жағдайлар департаментінің бастығы болып тағайындалған еді.