Тоқаев Сауд Арабиясына жұмыс сапарымен барды

Sputnik
АСТАНА, 19 шілде – Sputnik. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Сауд Арабиясының королі Салман бен Әбделазиз Әл Саудтың шақыруымен Жидда қаласына жұмыс сапарымен келді, деп хабарлады Ақорда.
Тоқаев Жидда қаласына жұмыс сапарымен барды
Мемлекет басшысын әуежайда Мекке провинциясы губернаторының орынбасары, ханзада Бадр бен Сұлтан бен Әбделазиз, Жидда провинциясының губернаторы Салих бен Әли Ат-Түрки қарсы алды.
Алайда президент жұмыс сапарынИсламда екінші қасиетті орын саналатын Медина қаласындағы Мұхаммед пайғамбар мешітіне барудан бастады.
Мемлекет басшысы Мұхаммед пайғамбар мешітіне зиярат етті
ОлМұхаммед пайғамбардың қабіріне зиярат етіп, дұға жасады. Қазақстан президентінің келуіне орай оған ерекше құрмет ретінде Пайғамбар жерленген киелі орынның есігі ашылды.
Тоқаев Мұхаммед пайғамбар мешітінде болды
Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін Жидда қаласында өтетін "Орталық Азия + Шығанақтағы араб мемлекеттерінің ынтымақтастық кеңесі"атты мемлекеттер басшыларының бірінші саммитіне қатысады.