Украина армиясының қарсы шабуылы сәтсіздікке ұшырады. Ресей әскері Купянск, Лиманск және Северск бағыттарында алға жылжып, Приднепровье және Причерноморье аймақтарында бірлескен соққылар жасап жатыр.
Украинаның резервтері азайып жатыр – шабуылдаушы бригаданың алтауы қалды. Сондай-ақ танк бригадасы құрамының жартысы, сондай-ақ Украинаның бас барлау қызметі және шағын көлемде НАТО-ның оқ-дәрілері бар.
"Украина Қарулы күштері қолбасшылығының мәліметінше, Харьков облысындағы Купянск түбіндегі шабуылға Ресей әскерінің 100 мыңдаған жауынгерлер тобы, оның ішінде әуе-десанттық әскердің элиталық бөлімшелері, 900-ден астам танк, 555 артиллериялық жүйе, 370 жаппай оқ атуға арналған реактивті жүйе және армия авиациясы шоғырланған", - деп жазды Хроленко.
Екінші жағынан, Красный Лиманға жақын жерде де Украина Қарулы күштерінің операциялық жағдайы сәтсіз өрбіп жатыр. Украиналық тараптың мәліметі бойынша мұнда 60 мыңға жуық ресейлік жауынгер шоғырланған, оның ішінде "Искандерлер" бар зымыран бригадасы мен ірі артиллериялық бөлімшелер бар. Украина құрлық әскерінің бас қолбасшысы Александр Сырский ресейлік бөлімшелер "Купянск аумағында украин әскерін жойып, шабуылды жалғастыруға тырысып жатыр" деп хабарлады.
Вашингтон Украина Қарулы күштері Ресей армиясының қорғанысын бұзып өтетініне енді сенбейді. Қарсы шабуылдың алғашқы екі аптасында Украина Қарулы күштері НАТО елдері жеткізген брондалған техниканың 20 процентінен айырылды. Сондықтан Батыс енді Ресейдің ұрыс даласында жеңілетіні туралы ой айтпайды, олар қалған ресурстарды санап, Украинаның болашағына қатысты қауіпті мойындап отыр.
16 шілдеде Харьковте ресейлік "Искандерлер" батыс техникасы – Leopard танктері, Bradley жаяу әскердің жауынгерлік машинасы, М113 брондалған тасымалдағыш техника және Украина Қарулы күштердің жүздеген миллион доллар тұратын басқа да мүлкі тиелген пойыздарды қиратты.
Ресей әскерінің тобы бірнеше апта бойы Краснолиманск және Купянск бағыттарында шабуыл операцияларын жүргізіп жатыр. Ол ауқымы мен сипаты жағынан Харьковты азат ету операциясын еске түсіреді. Ал Ресей Қарулы күштерінің Одесса мен Николаевтағы Украина Қарулы күштерінің нысандарына жасаған жаппай соққылары арнайы әскери операцияның стратегиялық мақсаттары мен міндеттерінің өзгермегенін білдіреді.
"Ресейдің "астық келісімінен" шығуы Қара теңіз флотына операциялық еркіндік қосты. Жақын болашақта аталған үш қаланың Ресейге қосылуы Ресей Федерациясының ұлттық қауіпсіздігінің мүдделеріне толығымен сәйкес келеді. Сондықтан АҚШ және НАТО-ның басқа елдерімен арадағы кез келген бейбіт келісім бұл шекаралардың орнын өтей алмайды", - дейді әскери шолушы.
Дегенмен Вашингтон Украина арқылы Мәскеумен қақтығысты жалғастыруға ниетті, АҚШ-тың Еуропадағы одақтастары Ресейге қысым көрсету қажеттілігіне әлі де сенімді. Сондықтан Батыс қару-жарағының резерві таусылғанша дұрыс стратегияны табу қажет.
Израильдің "Моссад" арнайы қызметінің мәліметі бойынша, 2023 жылдың қаңтарына дейін Украина Қарулы күштерінің қатарындағы қаза тапқан сарбаз бен офицер саны 157 000, жараланғаны – 234 000 және тұтқынға түскені – 17 000-нан астам. Алты айдан кейін бұл көрсеткіш екі есе артуы ықтимал. Украиналық әскери міндеттілердің тек 20 проценті өз еркімен майданға аттануға дайын.
Украина Қарулы күштеріне бекітілген тізімінен тек Abrams танктері, ATACMS жедел-тактикалық зымырандары мен F-16 жойғыш ұшақтары әзірше жеткізілген жоқ. АҚШ армиясының штаб басшылары комитетінің басшысы Марк Милли Украина Қарулы күштері мен Ресей әскери-ғарыш күштері арасындағы жауынгерлік теңдікке жету үшін көп жыл және жүздеген миллиард доллар қажет екенін мойындады. Америкалық F-16 (Fighting Falcon) жойғыш ұшақтары және "Абрамстарды" Киев режиміне беру ықтималдылығы төмен. Ал ATACMS зымырандары Пентагонға жақын арада Тайваньда қажет болуы мүмкін.
Америка Құрама Штаттарының "украин жобасы" әлі де Запорожье бағытында "ет шабуылдарымен" және Қырымдағы ұшқышсыз шабуылдармен шуылдаса да, айтарлықтай нашарлады. Ресейлік қару-жарақ өндірісі және армияның жауынгерлік әлеуеті қарқынды өсуде.
Әскери шолушы Александр Хроленконың Telegram арнасы