АСТАНА, 18 шілде – Sputnik. Ауыл шаруашылығы министрлігінің Түркістан облыстық жер ресурстарын басқару департаментінің басшысы сыбайласымен бірге ұсталды. Олар пара алды деген күдікке ілінді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан сыбайлас жемқоролыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне сілтеме жасап.
Қазіргі кезде сотқа дейінгі тергеу шаралары басталды.
"Олар жеке кәсіпкерді 18 млн теңге көлемінде пара беруге итермеледі деген күдікке ілінді. Қаражат Түркістан қаласында коммерциялық құрылыс салу үшін жер учаскесін беруге арналған. Тергеу сотының санкциясымен күдіктілер қамауға алынды", - деп атап өтті агенттік.
Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етілмейді.