АСТАНА, 18 шілде – Sputnik. Қазақстанда өрт сөндірушілер мен құтқарушылар үшін жаңа форма тігіледі, деп хабарлайды төтенше жағдайлар министрлігі.
Министрдің тапсырмасына сәйкес, алдымен жауапты қызметкерлерден тұратын жұмыс тобы құрылады. Олар ыңғайлы және функционалды форма жасап шығуы қажет. Осы орайда өрт сөндірушілер мен құтқарушылардың ұсынысы ескеріледі. Жұмыс тобы әлемдік тәжірибені де зерделеп шығады.
"Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары көбінесе жеке құрам үшін қиын әрі күрделі жағдайда өтеді. Осыған байланысты форма ыңғайлы әрі функционалды болуы керек. Біздің міндетіміз – құтқарушыларға өздерінің функционалдық міндеттерін орындау кезінде барынша жайлылықты қамтамасыз ету", - дейді министр Шәріпханов.
Оның айтуынша, заманауи құтқару техникасымен қамтамасыз ету саласында тура сондай тактика болуы керек.