Өңірлер

Түркістан облысында жол апатынан 9 адам қайтыс болды

Sputnik
АЛМАТЫ, 17 шілде – Sputnik. Түркістан облысында үш көлік соқтығысып, жол апатынан 9 адам қайтыс болды, деп хабарлайды облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Жантүршігерлік оқиға 17 шілдеде сағат 09:00 шамасында Шаян ауылы маңында болған.

"Облыстық маңызы бар "Екпінді-Созақ" тас жолы бойында "Nissan", "Toyota Camry" және "Volkswagen Grafter" маркалы үш автокөлік соқтығысқан. Көліктер өртенген. Салдарынан 9 адам қайтыс болып, 13 адам ауруханаға жеткізілді. 2 адам медицина көмегінен бас тартты", - делінген ведомство хабарламасында.

Алдын ала мәліметтер бойынша "Nissan" автокөлігі қарсы бағытқа шығып кеткен. Оқиға орнына Түркістан облысы полиция департаментінің басшылығының өзі барған.
Қазіргі таңда жол-көлік оқиғасы бойынша Бәйдібек аудандық полиция бөлімі тергеу жүргізіп жатыр.
"Бұл факт бойынша Қылмыстық кодекстің 345-бабы бойынша тергеу жүріп жатыр", - деп атап өтті полиция.
Өңірлер
Атырау облысында жантүршігерлік жол апатынан 7 адам көз жұмды