Қырым көпірі төтенше жағдайға байланысты жабылды

Sputnik
АСТАНА, 17 шілде - Sputnik. Қырым көпірінде төтенше жағдайға байланысты қозғалыс шектелді, деп хабарлайды РИА Новости.
Ал Краснодар өлкесінде Қырым көпіріндегі төтенше жағдайдан кейін ұзын-сонар кептелісте қалған адамдарға көмектесу үшін жедел штаб құрылды. Бұл туралы өңір басшысы Вениамин Кондратьев мәлімдеді.
Краснодар өлкесінің 145-ші тірегі аймағында төтенше жағдайға байланысты көпірдегі қозғалыс тоқтатылды. Қырым басшысы Сергей Аксенов өңір тұрғындарын көпір арқылы жүруден бас тартып, жаңа аймақтар арқылы балама жолдарды таңдауға шақырды.
"Менің тапсырмам бойынша Темрюкск ауданында төтенше жағдайға байланысты барлық қызметтің іс-қимылдарын үйлестіру, сондай-ақ көпірге кіреберісте кептелісте тұрып қалған адамдарға көмек көрсетуді ұйымдастыру үшін жедел штаб құрылды. Біз Қырымдағы әріптестермен байланыстамыз", - деп жазды Кондратьев Telegram арнасында.
Краснодар өлкесіне және аймақтан келетін пойыздар кесте бойынша жүреді, деп хабарлады "Ресей темір жолдары" компаниясының қолдау орталығы.
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы
Путин Қырым көпіріндегі жарылыстан кейінгі жағдай туралы айтты – видео