АСТАНА, 17 шілде – Sputnik. Республикада бір аптада 371 төтенше жағдай тіркелді, деп хабарлайды төтенше жағдайлар министрлігі.
Оның 74-і табиғи сипаттағы, ал 297-сі техногендік сипаттағы төтенше жағдай.
"Құтқарушылар төтенше жағдай орнына барлығы 2 581 рет шықты. 213 адам құтқарылған, оның 68-і – бала. Сондай-ақ 45 адам эвакуацияланды, оның – 13-і бала", - делінген ведомство хабарламасында.
Бір апта ішінде республикада 295 өрт тіркелген.
"112 құтқару қызметіне 204 146 қоңырау келіп түсті. Барлығы 133 дауылды ескерту жіберілді", - дейді министрлік.