Өңірлер

БҚО-да ауыл мен ауылдық округтің атауы қазақшаланады

Sputnik
АСТАНА, 17 шілде – Sputnik. Батыс Қазақстан облысында Трекин ауылдық округі мен Трекин ауылының атауы өзгереді.
Облыстық әкімдік пен мәслихаттың бірлескен қаулысы мен шешімі "Ашық НҚА" порталында жарияланды.
Атап айтқанда, Батыс Қазақстан облысы Бәйтерек ауданының Трекин ауылдық округі – Байқоныс ауылдық округі; ал Трекин ауылдық округінің Трекино ауылы Байқоныс ауылы деп қайта аталады.
Мұндай шешім облыстық ономастика комиссиясының биыл 13 шілдедегі қорытындысы негізінде және халықтың пікірін ескере отырып қабылданған.
Құжат 31 шілдеге дейін қоғам талқысына шығарылды.
Қоғам
Қазақстанда 69 көше мен 18 оқу орнының атауы өзгереді