ПАВЛОДАР, 16 шілде – Sputnik. Павлодар облысының Шарбақты ауданындағы "Ертіс орманы" мемлекеттік орман табиғи резерваты" мекемесінің аумағында орман өртін сөндіру жұмыстары жалғасып жатыр, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан облыстың әкімдігіне сілтеме жасап.
Өрттің ауданы шамамен 850 га аумақты құрайды.
Өрт сөндіруге жеке құрамнан 329 адам, 101 техника жұмылдырылды.
Қосымша сағат 5.13-те Семей қаласынан қорғаныс министрлігінің Ми-17, Ми-171 ұшақтары келді.
Сағат 7.30-да төтенше жағдайлар министрі және облыс әкімі орманшылықтардың аумағын әуеден тексеріп өтті.
Өрттің белсенді фазасы Бауыртал орманшылығының 98 кварталында болып жатыр, онда өрт кей жерлерде төменнен жоғарыға өрлеуде.
"Жұмылдырылған ресурстармен өртті қайта болдырмау мақсатында өрттің шоқтарын сөндіру жұмыстары жүргізілуде. Елді мекендерге қауіп төніп тұрған жоқ",-делінген Павлодар облысы әкімдігінің хабарламасында.