Өскеменде Абай ескерткішін шимайлап кеткен жасөспірімнің заңды өкілдеріне айыппұл салынды

Sputnik
ӨСКЕМЕН, 16 шілде – Sputnik. Мұндай шешім "кәмелетке толмағандар вандализмі" бабы бойынша әкімшілік іс аясында қабылданды, деп хабарлайды YK-news.kz.
10 шілде күні полицияға Абай ескерткішіне белгісіз біреу сурет салып кеткені хабарланған. Қаскүнем видеобақылау камералары арқылы анықталды.
"2 шілде күндіз кәмелетке толмаған үш жасөспірім ескерткішке велосипедпен келген. Олардың бірі ескеркішке жазу жазып кетті",- деді Шығыс Қазақстан облыстық полиция департаменті.
"Суретші" табылып, сотқа "кәмелетке толмағандар вандализмі" 448-бабы бойынша әкімшілік іс берілді. 13 шілдеде сотта қаралды.
Айта кетейік, бұл бап бойынша жасөспірімдердің ата-анасы немесе заңды өкілдері жауапқа тартылады. Атап айтқанда, 15 АЕК немесе 51750 теңге айыппұл салынды.